Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда жабайы құстарға көмек көрсетуге берілген грант қаржысы бюджетке қайтарылады

Нұргүл Алясова
|
10.09.2025 12:00
Маңғыстауда жабайы құстарға көмек көрсетуге берілген грант қаржысы бюджетке қайтарылады
Наталья Инасаридзе

Otpannews.kz сайты астаналық экологиялық қордың Маңғыстауда «Жабайы құстарды сақтау және оларға уақтылы көмек көрсету» гранттық жобасын ұтып алып, жергілікті азаматтардың ақпараты мен видеосын негізсіз пайдаланғанын жазған еді. Осы гранттық жобаға қатысты «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» тексеріс жүргізіп, қорытындысын жариялады.


- «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан Маңғыстауда «Жабайы құстарды сақтау және оларға уақтылы көмек көрсету» жобасына жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша грант алушымен шартты бұзу рәсіміне бастамашылық жасады. Грант алушы бөлінген қаражатты толық көлемде бюджетке қайтаруға міндеттенді. Сонымен қатар, аталған ұйым жүзеге асырып жатқан барлық жобаға кешенді тексеріс жүргізу, сондай-ақ гранттық жоба өңірінен тыс жерде тіркелген ұйымдардың гранттарды іске асыру тәжірибесін қосымша талдау шешімі қабылданды, - делінген орталық таратқан хабарламада.

 

Айта кетейік, астаналық экологиялық қор осы жылы мамыр айында Ақтауда құстарды оңалту мақсатында 10 миллион теңге көлемінде грант жеңіп алған екен. Қор гранттың жобасына жыртқыш құстарды өз қаржысына емдеп, оңалтумен айналысатын Ақтау қаласының тұрғыны Наталья Инасаридзенің видеоларын пайдаланған. Бұл мәселе туралы танымал блогер Азамат Сәрсенбаев та пікір білдірді. Оның айтуынша, Маңғыстауға қатысты гранттарды өзге өңірдің қорлары жеңіп алады да, осы жерде тұрып, тегін жұмыс істеп жүрген адамдар мемлекеттен бір тиын алмай жұмыс істейді.

60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!