Ақтауды электр энергиясымен қамтитын жобаның құрылысы аяқталды

Ақтау қаласында электр энергиясының тапшылығын жою мақсатында қуаттылығы 110/10 кВт болатын екі қосалқы ХАБ-1 жəне ХАБ-2 станциясының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Ақтау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, ХАБ 1-ден қаланың 13 жаңа шағынауданына (18, 18А, 19, 19А, 20, 20А, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42 ш/а) электр желісін жүргізу бойынша құрылыс жұмыстарының 90%-ы аяқталды. Жоба бойынша ұзындығы 226,670 км 10 кВ кабель желілерін және 22688 м құбыр блоктарын салу қарастырылған.
Жоба қала тұрғындарына қажетті электр энергиясын жеткізеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында электр энергиясы жеткілікті көлемде болуы қажеттігін атап өтті.
