Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтау әкімі халықаралық жүзу жарысына қатысушыларды марапаттады

Гүлмира Аманжолқызы
|
06.09.2025 14:04
Ақтау әкімі халықаралық жүзу жарысына қатысушыларды марапаттады

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов «Oceanman Qazaqstan 2025» халықаралық жүзу жарысына қатысқан спортшылар Қуаныш Асқар мен Нұрлан Әділовті қабылдап, оларға құрмет білдірді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қала басшысы ел намысын абыроймен қорғап, Ақтау қаласының атын әлемдік деңгейде танытып жүрген спортшыларға алғысын жеткізді.


Қуаныштың 10 шақырымды жүзіп келіп, теңізден шыққан сәті өте әсерлі болды. Былай қарағанда жаттығып жүрген адамға қиын емес шығар, бірақ табандылықпен бастан аяқ 10 шақырымды жүзіп өту деген үлкен ерлікті қажет ететін нәрсе. Сол үшін саған ризамыз. Алдағы болатын кезеңге де қатысқалы жатыр екенсің. Сол үшін сәттілік тілейміз, – деді Әбілқайыр Байпақов. 


Айта кетейік, 29–31 тамыз күндері Каспий теңізінде өткен «Oceanman Qazaqstan» халықаралық жарысында Нұрлан Әділов 5 шақырымдық қашықтықты бағындырса, Қуаныш Асқар бір қолымен 10 шақырымға жүзіп, қайсарлық пен ерік-жігердің жарқын үлгісін көрсетті. Оның ерекше жетістігінің арқасында Қуаныш Асқар желтоқсан айында Біріккен Араб Әмірлігінде өтетін халықаралық додаға жолдама алды.


Кездесу соңында қала әкімі қос спортшыға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!