Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтау әкімдігі сауда орталықтарының иелеріне дәретханаларды тегін қылуды және эскалаторларды жөндеуді талап етті

Гүлмира Аманжолқызы
|
09.09.2025 17:24
Ақтау әкімдігі сауда орталықтарының иелеріне дәретханаларды тегін қылуды және эскалаторларды жөндеуді талап етті

Өткен аптада Ақтау әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Бауыржан Есеновтің төрағалығымен сауда ойын-сауық нысандарының өкілдерімен жиын өтті. Жиында лифт, эскалатор және траволаторларды қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Күн сайын ондаған мың адам, оның ішінде балаларымен келген отбасылар, қарт азаматтар, жасөспірімдер сауда ойын-сауық нысандарына барады. Бұл ретте тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болуы міндет. Қала әкімінің орынбасары жеделсаты, эскалатор мен траволаторлардың халық үшін қолжетімді, қолайлы және қауіпсіз болуы керегін алға тартты. 


Адамдар сіздерге өз қауіпсіздігін сеніп тапсырады, ал бұл сенімді ақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Қауіпсіздік – бұл ымыраға келетін сала емес. Бұл бағыттағы міндеттерді елемеу адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін, – деді қала әкімінің орынбасары. 


Сауда орталықтарында жұмыс істемейтін лифттер, эскалаторлар мен траволаторлар келушілерге, әсіресе қарттарға, балалы ата-аналарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайсыздықтар тудырады. Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары тұрғын үй инспекциясына олардың үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шұғыл шара қабылдау тапсырылды.


Жұмыс істемейтін эскалаторларды баспалдақ ретінде пайдалануға қатаң түрде тыйым салынады. Ақауларды жою мерзімі нақты белгіленіп, қосалқы бөлшектерді күту сынды сылтаулармен созуға жол бермеу керек. Егер жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса, жабдықтың пайдалануға берілетін болжамды мерзімі көрсетілген ақпарат орналастырылуы тиіс. Сондай-ақ маңызды бір ұсыныс - сауда ойын-сауық орталықтарындағы әжетханаларды заңнамаға өзгеріс енгізілгенін күтпей-ақ тегін қылу. Себебі бұл – адамның қалауы не қолайлылығы туралы емес, физиологиялық қажеттілігі туралы мәселе, – деді Бауыржан Есенов.


Белгілі болғандай, сауда ойын-сауық кешендерінің негізгі табыс көзі – бутиктер, дүкендер, фудкорттар және өзге де коммерциялық алаңдарды жалға беру. Түрлі бағалаулар бойынша, бұл кірістің 80–90%-ына дейінгі үлесін құрайды. Қала әкімі орынбасарының нысандағы әжетханаға ақы алу экономикалық қажеттіліктен туындап отырмағанын және бұл ескірген тәжірибе екенін айтты.

95
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!