Қаламқас кен орнында мұнайшылар күні аталып өтті
Гүлмира Аманжолқызы
|
05.09.2025 17:46

Қаламқас мұнайшылар қалашығында мұнай-газ саласының қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шараға арнайы барған Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов мұнай саласының еңбек майталмандарын кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды otpannews.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қаламқас» кен орны - Бозашы түбегінде орналасқан Маңғыстаудың екінші тынысы. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қарасты кен орны бірнеше жылдан бері табысты, өнімді жұмыс атқарып келеді. Нәпақасын еңбекпен тауып жүрген бұл қалашықтағы мұнайшылардың басым бөлігі - ауданымыздың тұрғындары. Жылдың жарты мезгілінде үйден тыс, маңдай теріңізді сарп етіп жүрген жұмысшылардың еңбегі өлшеусіз. Сәттілік пен табыс тілеймін, - деді аудан әкімі Ғалымжан Ниязов.
Аудан әкімінің айтуынша, Қаламқас пен Жетібай өндірістік бірлестіктері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып отыр. Соның бір дәлелі - ауданға қарасты ауылдарға жасалған көмек пен Есен ата түнеуханасына газ құбырының тартылуы.
Мерекелік жиын соңы концерттік бағдарламаға жалғасты.
50

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев