Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық сарбаздар Алматыда әскери оқу-жаттығудан өтеді

Гүлмира Аманжолқызы
|
10.09.2025 15:23
Маңғыстаулық сарбаздар Алматыда әскери оқу-жаттығудан өтеді

Маңғыстауда 15 сарбаз бір ай әскери оқу-жаттығудан өту үшін Алматы облысы Қарасай ауданына аттанды, деп хабарлайды otpannews.kz. 


9 қыркүйек күні сарбаздарды шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті. Маңғыстау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті сарбаздарды медициналық, психологиялық тексерістен өткізді. Департамент бастығының орынбасары Қасымхан Мединаевтың айтуынша, бір айдан кейін 15 сарбаз әскери борышын Маңғыстауда жалғастырады.


Маңғыстаудан 15 сарбаз бір ай әскери оқу-жаттығудан өту үшін Алматы облысы Қарасай ауданына жөнелтілді. Сарбаздар әскери ант қабылдағаннан кейін өңірімізге оралады. Отан алдындағы борышын Маңғыстау облысының шекара қызметінде жалғастырады, - деді Маңғыстау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Қасымхан Мединаев.
55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!