Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Премьер-министр барлық салада ЖИ енгізу және цифрландыру бойынша тапсырма берді

Нұргүл Алясова
|
09.09.2025 13:51
Премьер-министр барлық салада ЖИ енгізу және цифрландыру бойынша тапсырма берді
ҚР Үкіметі

Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы өз Жолдауында барлық салада жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізуге басымдық бергенін атап өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


ҚР Үкіметінің хабарлауынша, жедел шаралар қабылдау үшін цифрлық штаб құрылды, қазір бірқатар шешім қабылданып жатыр.


Олжас Бектенов Цифрлық штаб қабылдаған барлық шешім мүлтіксіз орындалу қажеттігін атап өтті.


«Цифрлық даму министрлігі Парламент қабырғасында Цифрлық кодекстің және «Жасанды интеллект туралы» заң жобаларының пысықталуын жеделдетсін. Цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі «Digital Qazaqstan» тұжырымдамалық құжатын әзірлеуге кірісу керек. Аталған құжат саланың алдағы үш жылға арналған негізгі бағыттарын қамтып, жауапкершіліктің ара-жігін нақты бөліп беруі қажет. Бұған қоса, құжатта тиісті нәтижелер де көрініс табуы керек», — деп атап өтті Премьер-министр. 


Сонымен қатар Цифрландыру министрлігіне Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру және құру мәселесін пысықтау тапсырылды. 


Олжас Бектенов жаппай цифрландыру жаңа салалық ведомствоға ғана қатысты емес, барлық салалық мемлекеттік органдар мен өңірлердің басшыларына да жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

88
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!