Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Жолдау – ел дамуының жаңа кезеңі

Otpan News
|
10.09.2025 16:06
Жолдау – ел дамуының жаңа кезеңі

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын ден қойып тыңдадым. Менің ойымша, бұл құжат еліміздің болашағына айқын бағдар беретін тарихи маңызды Жолдау болды.


Дәстүрлі Жолдаудың басты мақсаты – әділетті қоғам құру, ұлттық бірлікті сақтау және экономикалық өсімді қамтамасыз ету. Мемлекет Басшысы атап өткендей, тұрақтылық пен татулық – барша жетістігіміздің негізі. Татулық – ел бірлігін сақтап, болашаққа сенімді қадам басудың басты шарты. Бірлік пен ынтымақ елімізді талай шыңдарға шығарады.


Сонымен бірге, Жолдауда ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраларды сақтау, Каспий өңірінің әлеуетін тиімді пайдалану туралы ой маған ерекше әсер етті. Каспийіміздің елдің экономикалық өркендеуі мен мәдени дамуының үлкен тірегіне айналғалы тұрғаны – мақтаныш сезімін оятты.


Жолдауда бүгінгі қоғамда орын алған өзекті мәселелер де қозғалды. Әсіресе, Мемлекет басшысы қоғамға қауіп төндіретін әсіре діншілдік пен әсіре ұлтшылдықтан сақ болудың маңызын нақты атап көрсетті.


Сонымен қатар, ел дамуы жолындағы жастардың орны ерекше екені айқын айтылды. Менің ойымша, қазіргі жастар – жасампаз буын. Олар тарихты ардақтап, жаңа білім мен инновацияны игеріп, Қазақстанды жаңа биіктерге көтеретін күшке айналуы тиіс. Жастарымызға дұрыс тәрбие, бағыт-бағдар бере білейік.


Жолдауда айтылған тағы бір маңызды тұс – цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту. Бұл – уақыт талабы. Білім мен ғылымға инвестиция салып, жаңа технологияларды өмірге енгізу арқылы ғана Қазақстан жаһандық бәсекеде өз орнын нығайта алады.

Белгіленген бағыттарда дамуымыз үшін баршамыз Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыруға белсене атсалысайық.


Пәния Сармурзина

Маңғыстау облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының басшысы

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!