
The list is empty!

Отандық өнім өндірген кәсіпкер
Табандылықты серік еткен кәсіпкерлердің жолы әрқашан қиындық мен жігерге толы. Бұл сұхбатта сіз кейіпкер сөзінен өңіріміздегі өндіріс саласының шынайы келбетін, еңбектің қадірін, отандық өнімге деген сенімді қалыптастыру жолындағы адал ізденісін айқын көре аласыз. «Builder Aqtau» құрылысқа арналған құрғақ қоспалар өндіретін компания басшысы Нұрмұхаммет Садықынұлы әке кәсібін жалғастырып қана қоймай, оны жаңа деңгейге көтерді. Кәсіпкердің өз ісіне деген жауапкершілігі, сапаға деген берік ұстанымы, тәуекелге бел буған сәттері, өндірісін дамытуға деген ынталы қадамы – бүгінгі жас буынға үлгі. Біздің қоғамда «отандық өнім сапасыз» деген түсініктің түбегейлі өзгеріп келе жатқаны да дәл осындай азаматтардың еңбегінің арқасы. Нұрмұхаммет мырзаның тәжірибесі – өндіріс саласына қадам басқысы келетін жастарға бағыт-бағдар беріп, жүрексінетіндердің тәуекелін күшейтеді. Оның кәсіп жасаудан түйген ойлары кәсіпті адал жүргізудің, сапаны бірінші орынға қоюдың, табыстың түп тамыры еңбекте екенін дәлелдей түседі.

Жүрек жомарттықпен тазарады
«Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын» дейді қазақ даналығы. Ел ішінде үнсіз жақсылық жасап, тәмсілге айналған осы сөздердің мәнін ісімен дәлелдеп жүрген азаматтар бар. Олар мақтанып іс қылмаса да еңбегі елге тарап, жасаған жақсылықтарының шапағаты талай жүрекке жетіп жүр. "Іскерлік әңгіме" айдарының бүгінгі қонағы - осындай жомарттық мен адамгершілік жолынан айнымай, қоғамға пайдасын еселеп жүрген тұлғалардың бірі, кәсіпкер, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты, Сүйіндік Риза. Ол биыл жыл сайын дәстүрге айналған облыстық «Жомарт жан» сыйлығының иегері атанды. Бүгін біз Сүйіндік Қайырғалиұлының кәсіпкерлік жолы, қоғамға жасаған игі істері мен жүрек қалауынан туған қайырымдылықтары төңірегінде әңгіме өрбітеміз.


























