Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Олжас Бектенов: «Сексеуіл – Бейнеу» жобасына ерекше назар аудару қажет

Нұргүл Алясова
|
09.09.2025 14:04
Олжас Бектенов: «Сексеуіл – Бейнеу» жобасына ерекше назар аудару қажет
ашық дереккөз

Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда еліміздің транзиттік әлеуетін кеңейту, сондай-ақ ішкі көлік желісін дамыту үшін айтарлықтай резервтер бар екенін атап өтті, деп хабарлайды otpannews.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Премьер-министр Көлік министрлігіне «Бақты – Аягөз», «Қызылжар – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал», сондай-ақ автожолдарды салу және жөндеу жобаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.


Олжас Бектенов Қытайдан Еуропаға дейінгі транзитті едәуір қысқартатын «Сексеуіл – Бейнеу» жобасына ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.


Сондай-ақ Көлік министрлігі екі айдың ішінде контейнерлік тасымалды ынталандыруды және мультимодальды бағыттарды дамытуды көздейтін арнайы Бағдарламаны Үкіметке енгізуге, Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, көліктің барлық түрі үшін бәсекеге қабілетті жаңа тариф саясатын әзірлеуге кірісу керегін айтты. 


Бұдан бөлек, Көлік министрлігі Қаржы және Цифрландыру министрліктерімен бірлесіп, қазан айының соңына дейін «Smart Cargo» – кедендік және логистикалық қызметтердің бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосуды қамтамасыз етуге тиіс.


Үкімет отырысында қаралған маңызды мәселенің бірі – жүкті әуемен тасымалдау саласын дамыту. Олжас Бектенов бұл жұмысқа қатысты ірі шетелдік серіктестерді тарта отырып, ұлттық жүк тасымалдаушыны құру қажеттігін атап өтті.


Сондай-ақ Көлік министрлігі аэрохабтарды дамыту, экспресс-жүк тасымалы сегментін реттеу бойынша қажетті шараларды қабылдау, жүктер мен сәлемдемелерді жеткізуге арналған арнайы автокөліктер мен дрондар сияқты жүргізушісіз көлік түрлерін жедел енгізу үшін жағдай жасап, заңнамалық тұрғыдан шаралар қабылдау туралы тапсырма берді.

106
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!