Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

KazAzot Prime Маңғыстаудың дамуына серпін бермек

Жанкелді Қаржан
|
10.09.2025 17:03
KazAzot Prime Маңғыстаудың дамуына серпін бермек
Фото: Бауыржан Ниязқұлов

«ҚазАзот» АҚ жаңа аммиак-карбамид кешені KazAzot Prime құрылысы жобасын БАҚ өкілдеріне таныстырды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Ақтаудағы іргелі еңбек ұжымында республикалық және өңірлік БАҚ журналистері үшін баспасөз турын ұйымдастырылып, онда заманауи аммиак-карбамид кешені KazAzot Prime құрылысы жобасымен таныстырылды.

 

Бас директор аппаратының жетекшісі Серік Ешманов пен бас инженердің орынбасары Дәуіржан Жұмабеков жобаны жүзеге асыруға дайындық барысы, оның компания мен өңір үшін стратегиялық маңызы туралы жан-жақты баяндады.

 

Жобаның негізгі параметрлері

 Инвестиция көлемі: 1,565 млрд АҚШ доллары

 Негізгі өнімдер: аммиак – жылына 660 000 тонна, карбамид – 577 500 тонна, аммиак селитрасы – 500 000 тонна

 Жұмыс орындары: пайдалануға беру кезеңінде 700 тұрақты, ал құрылыс кезеңінде шамамен 1 500 уақытша жұмыс орны құрылады

 Іске қосу мерзімі: 2029 жыл

 Негізгі лицензиарлар: KBR (АҚШ), Wuhuan (Қытай), Toyo (Жапония), Espendeza (Испания)

 Нарықтар: Қазақстанның ішкі нарығы және Орталық Азия, Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне экспорт.

Жоба аясында энергия тиімді технологияларды, қалдықтарды ұстау және қайта өңдеу жүйелерін енгізу көзделген.


Дәуіржан Жұмабековтің айтуынша, шығарындыларды азайту технологияларын және суды тұйық циклде пайдалану жүйелерін қолдану экологиялық жүктемені барынша төмендетіп, кешенді өңірдегі ең заманауи өндірістердің біріне айналдыруға мүмкіндік береді.

 

Экономикалық және әлеуметтік маңызы

KazAzot Prime жобасын жүзеге асыру Маңғыстау облысының дамуына серпін бермек.

 - бюджетке түсетін салық түсімдерінің артуы,

 - жаңа жұмыс орындарының ашылуы және кадрлар біліктілігінің артуы,

 - ілеспе инфрақұрылымның дамуы, соның ішінде логистика мен сервистік компаниялар,

 - импортқа тәуелділіктен арылу.

 

«Бұл жобадан біз тек экономикалық тиімділікті ғана емес, сонымен қатар өңірдің тұрақты дамуына қосылатын үлесті де көреміз. KazAzot Prime Қазақстанға минералды тыңайтқыштар әлемдік нарығында мықтырақ орын алуға мүмкіндік береді», – деді Серік Ешманов.

 

«КазАзот» АҚ Қазақстандағы химия өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарының бірі. Компания аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасын өндіруге маманданған. Жыл сайын ауыл шаруашылығында да, өнеркәсіпте де сұранысқа ие 400 мың тоннадан астам өнім шығарылады. Кәсіпорынның шикізат базасы – алынатын қоры 24 млрд м³ болатын Шағырлы-Шомышты газ кен орны. KazAzot Prime іске қосылғаннан кейін компанияның өндірістік қуаты артып, ұлттық экспорттаушы ретіндегі позициясы нығайып, Қазақстанды жаңа буындағы тыңайтқыш өндіруші әлемдік көшбасшылар қатарына жақындата түседі.

 

68
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!