"Қызылсай" паркінде табиғат күзеті күшейді

"Қызылсай" табиғи паркі аумағында рейдтік-бақылау жұмыстары жалғасып жатыр, , деп хабарлайды otpannews.kz.
"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне қарасты "Адамтас" мемлекеттік табиғи қаумалының басшысы Д.Айтжанов, қарамағындағы мемлекеттік инспекторлар және Кендірлі шекара қызметкерлерімен бірлесіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда кезекті рейдтік-бақылау жұмыстарын жүргізді.
Бұл шара табиғи аумақтардың тұтастығын сақтау, заңсыз әрекеттердің алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.
Парктің директоры Мыңберген Қаратауовтың айтуынша, соңғы уақытта табиғатты қорғау шаралары күшейтілген режимде жүргізілуде.
"Қызылсай" табиғи паркінің ұжымы ерекше қорғалатын аймақтарда табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға жол бермей, жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндіру «жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді», - деді Мыңберген Қаратауов.
Бұған дейін де қаумал басшысы Н.Оңаев қарамағындағы инспекторлармен бірге рейдке шығып, қаумал аумағында мал азығын дайындап, шөп шауып жатқан кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.
Парктің барлық қызметкерлері табиғат байлығын сақтауға, орман және дала өрттерінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
