Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда «Учаске» жедел-профилактикалық шарасының аралық нәтижелері жарияланды

Нұргүл Алясова
|
10.09.2025 17:20
Маңғыстауда «Учаске» жедел-профилактикалық шарасының аралық нәтижелері жарияланды

Маңғыстауда 1 қыркүйекте басталған «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. Шара 1 қарашаға дейін болады. Бұл шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жариялаған «Профилактика жылы» аясында ұйымдастырылып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға, экстремизм мен терроризм қатерлерін жоюға, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауға және халықпен сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған, деп хабарлайды otpannews.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.


Полиция қызметкерлері күнделікті әкімшілік учаскелерді аралап, пәтерлік және аулаларды тексерулер жүргізіп, жалдамалы пәтерлердің тіркелуін қадағалауда. Сонымен қатар, шетел азаматтарымен, әртүрлі есепте тұрған тұлғалармен, қолайсыз жағдайдағы отбасылармен профилактикалық жұмыс жүргізеді. 


Қазіргі таңда шара аясында 13 661 тұрғын үй нысаны қамтылды, 301 жалдамалы пәтер тексеріліп, оның 29-ы тіркелмегені анықталды. Бұл жөнінде Мемлекеттік кірістер органына ақпарат жолданды. Әртүрлі себептермен 563 азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді. 302 шаруа қожалығы мен қыстақ, сондай-ақ 4 224 азаматтық қару иесі тексеріліп, 423 құқықбұзушылық тіркелді. Есірткіге қатысты 19 құқықбұзушылық анықталып, тоқтатылды. Жалпы 2 017 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Атап айтқанда: ҚР ӘҚБтК-нің 480-бабы бойынша – 5 (ұсақ бұзақылық), 493-бабы бойынша – 16 (мекенжайда тіркелмей тұру), 461-бабы бойынша – 12 (қорғаныс нұсқамаларын бұзу), 484-бабы бойынша – 8 (әкімшілік заңнама талаптарын орындамау) дерегі тіркелді.

49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!