Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда 100-ге жуық электросамокат айыппұл тұрағына қойылды

Гүлмира Аманжолқызы
|
10.09.2025 15:53
Ақтауда 100-ге жуық электросамокат айыппұл тұрағына қойылды

Жыл басынан бері Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері электросамокат тізгіндеген азаматтардың жол қозғалысы ережелерін сақтауын және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, атқарылған шаралар нәтижесінде 97 электросамокат айыппұл тұрағына қойылды.


1 қыркүйек пен 8 қыркүйек аралығында 24 құқықбұзушылық анықталды:

▪ 505-бап бойынша – 5 факт,

▪ 620-бап бойынша – 3 факт,

▪ 615-бап бойынша – 16 факт.


Қалада электросамокат құралдарын пайдалану бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері электросамокат көлік құралы болып саналатындықтан, оны басқару кезінде жол жүру ережелерін және қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігін еске салады.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!