Түпқарағандықтар сенбілік аясында 80 тонна қоқыс жинады

Түпқараған ауданында «World clean up day» атты дүниежүзік тазалық күніне орай және «Таза Қазақстан» акциясы аясында серпінді сенбілік өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акцияның басты мақсаты – табиғаттың ластану мәселесіне назар аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тазалық акциясына қала, ауыл әкімі аппараты мен мекеме, кәсіпорын ұжымдары тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде белгіленген аумақтардағы қоқыстар тазартылды.
Дәл осындай шаралар аудандағы барлық қала, ауылдарда ұйымдастырылды.
Айта кетейік, сенбілік жұмыстарына 300-ге жауық адам қатысып, 8 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ 80 тоннаға жуық қоқыс жиналып, тазартылды. Түпқарағандықтар сенбілік аясында 80 тонна қоқыс жинады
Түпқараған ауданында «World clean up day» атты дүниежүзік тазалық күніне орай және «Таза Қазақстан» акциясы аясында серпінді сенбілік өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акцияның басты мақсаты – табиғаттың ластану мәселесіне назар аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тазалық акциясына қала, ауыл әкімі аппараты мен мекеме, кәсіпорын ұжымдары тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде белгіленген аумақтардағы қоқыстар тазартылды.
Дәл осындай шаралар аудандағы барлық қала, ауылдарда ұйымдастырылды.
Айта кетейік, сенбілік жұмыстарына 300-ге жауық адам қатысып, 8 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ 80 тоннаға жуық қоқыс жиналып, тазартылды.
