Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Түркіменстанда Каспий мәселесі талқыланды

Жанкелді Қаржан
|
19.09.2025 15:56
Түркіменстанда Каспий мәселесі талқыланды
Фото: Ашық дереккөзден

Ашхабатта Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының он бірінші отырысының коммюникесі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 


Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының он бірінші отырысына Әзірбайжан Республикасының (жетекшісі – Самир Шарифов), Иран Ислам Республикасының (жетекшісі – Казем Гариб Абади), Қазақстан Республикасының (жетекшісі – Зульфия Аманжолова), Ресей Федерациясының (жетекшісі – Николай Удовиченко) және Түрікменстанның (жетекшісі – Мырат Атаджанов) делегациялары қатысқан.  


Кездесуде тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесін талқылады. Отырыс аясында бес елдің өкілдері Каспий теңізіндегі ынтымақтастыққа шолу жасап, бесжақты өзара іс-қимыл мәселелері мен іс-шараларды әртүрлі деңгейде дайындауды қарастырған. 


Сондай-ақ, делегациялар Түрікменстанға кездесуді ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ризашылықтарын білдірді. Енді келесі отырыс Әзірбайжанда дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімде өтпек.

41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!