Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі аясында баспасөз мәслихаты өтті

Гүлмира Аманжолқызы
|
22.09.2025 12:38
Маңғыстауда III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі аясында баспасөз мәслихаты өтті

Ақтауда III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі аясында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, фестивальдің қазылар алқасы мүшелері, өнертанушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Баспасөз мәслихатында фестивальдің мақсаты, бағдарламасы және қатысушы театр ұжымдары жайында ақпарат берілді. Әзірбайжан Мәдениет министрлігінің ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы өкілі Эльчин Гафарлы өз сөзінде фестивальдің маңыздылығына тоқталды.


Бүгінгі фестиваль – түркі елдерінің театрларын бір арнаға тоғыстыратын маңызды алаң. Қатысушылар бұл жерде бір-бірімен жақын танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар шығармашылық серіктестік орнатуға да жол ашылады. Бұл фестиваль – тек өнер мерекесі ғана емес, бауырлас халықтар арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтатын маңызды шара. 


Халықаралық іс-шараға Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Мажарстан елдерінен танымал театр ұжымдары қатысып жатыр. Сонымен қатар Қазақстаннан екі театр арнайы қонақ ретінде шақырылды.


Фестиваль шымылдығын баспасөз маслихатынан кейін Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театры Мәзғожаевтың «Көрұғлы» мистикалық аңызымен ашты. 


Айта кетейік, шарада бірнеше күн бойы халықаралық деңгейдегі театр қойылымдары көрсетіліп, кәсіби шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!