Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Қонақ күтіп жүріп, баласынан айырылды»: Дәрігер аналарға кеңес айтты

Нұргүл Алясова
|
16.09.2025 15:30
«Қонақ күтіп жүріп, баласынан айырылды»: Дәрігер аналарға кеңес айтты
freepik.com

12 жылдық тәжірибесі бар дәрігер-патологоанатом, денсаулық сақтау магистрі Жансая Советхан әлеуметтік желідегі парақшасында тәжірибесінде кездескен оқиғаны баяндап, аналарға кеңес айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.  


- Моргке 5 айлық қыз бала түсті. Ауруханада 5 сағат қана болған. Оған дейін үйінде 5 күн температурасы көтеріліп ауырған екен. ВОП анасына рецепт жазып, үйде емдеуін айтқан. Дәрігер жиі халін біліп тұрады, анасының айтуынша «бәрі жақсы, тамаша» болған. 5-күні бала жағдайы нашарлап, әлсіреп, жедел жәрдеммен сағат 16:30-да ауруханаға түседі. Ауыр жағдайда баланы бірден реанимацияға көтереді. Өкінішке орай, сағат 20:00-де бала шетінеп кетеді, - деп баяндады дәрігер. 


Дәрігер патологоанатомиялық диагноз қойған. 


- Соңғы клиникалық және менің патологоанатомиялық диагнозым: сепсис (гистологиялық мәліметтерде ОРВИ-мен де ауырғандығының белгілері бар). Анамнезінде бала ұзақ уақыт гриппен ауырған, анасы баланың температурасы көтерілген сайын ибуфен бере берген, больницаға апармаған. Себеп, үйінде бірнеше күн қонақ күткен, ауруханаға баруға уақыт болмаған, - деп жазды дәрігер Жансая Советхан.


Ол осы жағдайды баяндай отырып, өз түйінін айтты. 


- Елдің көңіліне қарап қонақ күтетін және үйдегі балаларды емес, елді ойлайтын заманнан кеттік достар. Қазір мүлдем бөлек кез. Ел сенің ауырған балаңды жазып бермейді, кеткен балаңды қайтарып бермейді. «Ел не дейді» деген стереотипті ұмытатын кез келді. Қазіргі заман өз отбасыңды, балаларыңды ойлайтын заман. Алланың берген аманаттарына қиянат жасамайық, - деді Жансая Советхан.
63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!