Ақтауда халықаралық тазалық күніне орай сенбілік өтті
Махаббат Нұржанқызы
|
20.09.2025 11:31

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласында халықаралық тазалық күніне орай теңіз жағалауында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға 500-ге жуық мемлекеттік қызметшімен қатар еріктілер, студент жастар және қала тұрғындары да атсалысты. Қатысушылар арнайы қолғап, қоқыс қаптарымен қамтылып, теңіз жағалауы мен қоғамдық демалыс аймақтарын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
Нәтижесінде жағалау аумағынан 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Бұл экологиялық бастама тұрғындар арасында қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді.
134







Комментарии
Комментарии
Нет комментариев