Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

3 адамнан қатерлі ісіктің белгілері анықталды

Роза Әділханқызы
|
22.09.2025 15:33
3 адамнан қатерлі ісіктің белгілері анықталды

Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде «Ашық есік» күні өтті, - деп хабарлайды otpannews.kz сайты орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Диспансердегі ашық есік күні 09.00-13.00 арасында өтті. Оған 50 тұрғын қатысты. Олардың 3-інен қатерлі ісіктің алғашқы белгілері анықталса, тағы үшеуінде ісіктің бар екені белгілі болды. Сондай-ақ 10 адамнан аурудың өзге белгілері табылып, дәрігерлер тарапынан кеңес берілді. 


Іс-шара аясында 18 тұрғын цитологиялық тексеруден, ультра дыбыстық тексеруден 21 адам, төменгі дозалық КТ тексеруден 16 адам,маммографиялық тексеруден 18 адам өтті. 

  

Айта кетейік, ашық есік күні германиялық дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Хеннинг Риттер, медицина ғылымдарының докторы, профессорлар Балтабай Тайлақов және Нұрлан Балтабеков гинекологиялық мәселесі бар тұрғындарды қабылдады. Келушілерге тегін кеңес беріліп, мамандарға жолданды.а

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!