Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері арасында республикалық чемпионат басталды

Гүлмира Аманжолқызы
|
17.09.2025 16:14
Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері арасында республикалық чемпионат басталды

Ақтауда ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жедел медициналық жәрдем қызметкерлері арасында өтетін республикалық чемпионаттың алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Чемпионатқа Қазақстанның 20 өңірінен келген бригадалармен қатар, Ресей, Беларусь және Әзірбайжан елдерінен келген шетелдік командалар қатысып жатыр. 


Іс-шараның мақсаты – жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, төтенше жағдайларда көмек көрсету дағдыларын жетілдіру және халықаралық мамандармен тәжірибе алмасу.


Байқауды ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, ҚР жедел медициналық жәрдем қауымдастығы және Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.


Ашылу салтанатында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев сөз сөйлеп, чемпионаттың маңызына тоқталды.


Бұл чемпионат – адам өмірін құтқаруға күнделікті атсалысып жүрген жедел медициналық жәрдем қызметкерлері үшін тәжірибе алмасудың бірегей алаңы. Мұндай сайыстар дәрігерлер мен фельдшерлердің кәсіби деңгейін көтеріп қана қоймай, төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге үлкен мүмкіндік береді. Маңғыстау жерінде осындай халықаралық шараның өтуі біз үшін үлкен мәртебе. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді Аббат Өрісбаев.


Айта кетейік, 19 қыркүйек күні байқау жеңімпаздарын марапаттау және ресми жабылу салтанаты өтеді.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!