Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Caspian Fest» көрмесі: Маңғыстау туризм колледжінің ұстаздары жаңа дәм түрлерін ұсынды

Роза Әділханқызы
|
22.09.2025 14:11
«Caspian Fest» көрмесі: Маңғыстау туризм колледжінің ұстаздары жаңа дәм түрлерін ұсынды

Маңғыстау туризм колледжінде “Caspian Fest” іс-шарасы өтуде. Жобаның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды сақтай отыра, өңір туризмін жандандыру, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Фест аясында ұйымдастырылған көрмеде ерекше тәттілер ұсынылды. Колледж ұстаздары ұлттық тағамдарды дәріптей отырып, жаңа дәм түрлерін ойлап тапты. 


Көрмеде өңірдің табиғи өнімдері – тары мен талқанды қосып, ортасына түйе сүтінен әзірленген құрты мен қаймағы бар макаронс ұсынылды. Бұдан бөлек Маңғыстауда өсетін жантақтан әзірленген шай да бар. 


«Өнімге ерекше ерекшелік беретін — түйе шұбаты негізінде дайындалған құрт, десертке өзіндік дәм мен ұлттық бояу қосады. Қытырлақ жеңіл қабығы, ганаштың жұмсақ текстурасы және құрттың сәл қышқыл дәмі керемет гастрономиялық әсер қалдырады. Тіпті дала дәстүрлерінің байлығы мен әртүрлілігін көрсетеді»,- деді WorldSkills Қазақстан жобасының Маңғыстау облысы бойынша сарапшысы Альбина Ретбаева. 


Айта кетейік, бұл ұлттық тағамдарымызды жаңа заманға бейімдеп, жастарға қолжетімді етуге бағытталған креативті жоба. Осындай бастамалар арқылы колледж ұжымы өңіріміздің брендіне айналатын жаңа өнімдерді таныстырып, Маңғыстаудың гастрономиялық туризмін дамытуға үлес қосуда.

21
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!