Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Әскери қызметшілер: Президенттің Жолдауы – біздің еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтудың нақты бағдарламасы

Махаббат Нұржанқызы
|
21.09.2025 15:42
Әскери қызметшілер: Президенттің Жолдауы – біздің еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтудың нақты бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға арналған Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының жаңа бағытын айқындады. Мемлекеттің болашағы цифрлық технологияларға, жасанды интеллектке, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға негізделген. Әскерилер үшін бұл Жолдау – елдің қорғаныс қабілетін нығайтудың нақты бағдарламасы.


Цифрландыру – әскери қуаттың кепілі


Президенттің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы тиіс.


Әскери салада бұл – жауынгерлік дайындықты автоматтандыру, әскерді басқаруда заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және оқу-жаттығуларда жасанды интеллектті пайдалану дегенді білдіреді.


Басты міндет – ұрыс алаңында жаңа тактикалық жүйелерді меңгеру, әскери техника мен қару-жарақта интеллектуалды жүйелерді енгізу.


Қорғаныс өнеркәсібін дамыту экономиканы әртараптандыру есебінен жүзеге аспақ. Қазақстан армиясының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін отандық өндіріс жаңа технологиялармен және ғылыми зерттеулермен қолдау табады.


Президент атап өткендей, инвестициялар тек бейбіт мақсаттарға ғана емес, Ұлттық ұланға қажетті әскери жобаларға да бағытталуы тиіс.


Өмір сапасын арттыру


Жолдауда халықтың тұрмыс сапасын көтеру мәселесі де қозғалды. Әскерилер үшін бұл – қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік жеңілдіктер беру, зейнетақы жүйесін жетілдіру және ардагерлерге қамқорлық жасау.


Заң және тәртіп


Президент өз сөзінде тағы бір негізгі қағидатты атап өтті: заң бәрінен жоғары. Қоғамдағы кез келген өзгерістер мен реформалар әділ құқықтық жүйеге негізделген жағдайда ғана тиімді болады. Заң мен тәртіп – тек бейбіт өмірдің ғана емес, Ұлттық ұланның да басты тірегі.


Президенттің тапсырмасына сәйкес, әскери қызметтегі қатаң тәртіп, құқық бұзушылықтың алдын алу және әскери жарғыларды бұлжытпай орындау басты талап болып қала береді.


6656 әскери бөлімінің командирі, полковник Болатбек Мұхамбетқалиев

50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!