Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда құмар ойындарын ойнаған 2 қызметші жұмыстан босатылды

Роза Әділханқызы
|
22.09.2025 14:19
Маңғыстауда құмар ойындарын ойнаған 2 қызметші жұмыстан босатылды

Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде айтылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен өткен жиында мемлекеттік кызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары мен Әдеп кодексі нормаларының сақталуына катысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 


Іс-шарада ҚР Мемлекеттің қызмет істері агенттігінің МО департаменті бойынша басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов сөз сөйлеп, лудоманияға қатысты баяндама жасады. 


“Құрметті, әріптестер! Мемлекеттік қызметші болу – үлкен жауапкершілік. Мемлекеттік қызметші әр қадамын ойланып басуы қажет. Сыбайлас жемқорлықтан сақ болу, халыққа адал қызмет ету маңызды. Сондай-ақ қызметкер құмар ойындарынан өз бойын аулақ ұстауы тиіс. Сондықтан мемлекеттік қызметтегі адам құмар ойындары өтетін орынға барса – жауапкершілікке тартылып, ойынға қатысса бірден жұмыстан босатылатынын есте сақтаңыздар»,- деді ол өз сөзінде. 


Бұдан бөлек, ҚР Мемлекеттің қызмет істері агенттігінің МО департаменті жүргізген талдау жұмыстарына сәйкес, 2025 жылдың I жарты жылдығында 246 мемлекеттік қызметші заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21% -ға өсті. 


Олардың басым бөлігі – өзіне артылған функционалдық қызметтерін тиісті деңгейде орындамаған. 


«Құрметті әріптестер, халыққа қызмет көрсету барысында кішіпейілдік танытайық. Жеке тұлғаның сауалына мән беріп, көмектесіңіздер. Адамгершілік қасиеттерді сақтай отырып, заңнаманы бұзбай әділетті Қазақстанның адал азаматы болуға тырысайық»,- деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Өркен Алшынбаева.
62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!