Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Елімізде балалардың құқығын қорғайтын басқармалар құрылады

Нұргүл Алясова
|
22.09.2025 10:26
Елімізде балалардың құқығын қорғайтын басқармалар құрылады
gov.kz

Оқу-ағарту министрлігі өңірлерде қорғаншылық органдарының жұмысын үйлестіретін жаңа құрылымдар жұмысын бастайтынын хабарлады, деп жазады otpannews.kz.


Атап айтқанда, Ақтөбе облысында балалардың құқықтарын қорғау басқармасы ашылды. Алдағы уақытта осындай бөлімшелер Астана қаласында және Қостанай облысында жұмысын бастайды.


Бүгінде елімізде қорғаншылық органдарының мамандарының саны 3,3 есеге, яғни 303-тен 1006-ға дейін артты. Оқу-ағарту министрлігі бұл отбасыларға көрсетілетін көмектің ауқымын кеңейтуге, қолжетімділікті арттыруға және сүйемелдеудің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді дейді. Сондай-ақ жыл соңына дейін штаттық құрамды 1383 адамға дейін ұлғайту көзделген. 


«Жаңа штаттық норма Қазақстан үшін алғаш рет енгізіліп отыр және халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Бұл жергілікті деңгейде туындайтын мәселелерді жедел шешуге, сондай-ақ балалар мен олардың отбасыларына уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.


Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Бала құқықтары жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп қорғаншылық органдары қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өткізген болатын. Оның қорытындысы бойынша мамандарға әдістемелік ұсыным берілді.

42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!