Қара сексеуіл егуге дайындық жұмыстары басталды

Маңғыстауда 2025 жылдың күзіне жоспарланған қара сексеуіл тұқымын себу жұмыстарына алдын ала дайындық басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Сам орманы осы мақсатта 427,5 гектар жер толықтай жыртылып, дайындық жұмыстары аяқталды. Бұл алдағы тұқым себу кезеңінің уақтылы әрі сапалы орындалуына мүмкіндік бермек.
Бұған дейін өңірдегі «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне қарасты «Манашы» қаумалының мемлекеттік инспекторлары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда бұлақ көздерін ашу жұмыстарын жүргізілген болатын. Бұл шаралар аймақтағы экожүйенің табиғи тепе-теңдігін сақтауға және биологиялық әртүрлілікті қорғауға бағытталған.
Айта кетейік, жуырда «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қаумал басшысы Ж.Есенғалиев мемлекеттік инспекторларымен бірге ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда рейдтік-бақылау жұмыстарын жүргізді.


