Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстанда борышкерлерді жасанды интеллект арқылы іздейтін болады

Махаббат Нұржанқызы
|
21.09.2025 19:47
Қазақстанда борышкерлерді жасанды интеллект арқылы іздейтін болады
ҚР Әділет министрлігі

Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және Бас прокуратура бірлесіп, «Цифрлық бақылау» жүйесінің мүмкіндіктерін борышкерлерді анықтау тетіктерін дамыту үшін кеңейтті, деп хабарлайды otpannews.kz Әділет министрлігіне сілтеме жасап.


Қазіргі уақытта Бас прокуратураның «Цифрлық бақылау» жүйесі арқылы қарызын төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды тек қала көшелері мен қоғамдық орындарда ғана емес, сондай-ақ әуежайларда, теміржол және метро нысандарында, әлеуметтік маңызы бар ғимараттарда да анықтау мүмкіндігі пайда болды.


Сонымен қатар, борышкерлер мемлекеттік қызметтер алу кезінде ХҚКО-ларда, сондай-ақ әуе және теміржол билеттерін сатып алу кезінде – деректер базасы арқылы автоматты бет-әлпетті сәйкестендіру жолымен анықталады.


Мәліметке сәйкес, 2024 жылғы қаңтарда іздеуде жүрген борышкерлердің саны 4560 адамды құраған. Оның ішінде 2118 адамның тұрғылықты жері анықталған, бұл жалпы санның 39,3%-ын құрайды.


Сондай-ақ, қарыздары бар тұлғалардың атына тыйым салынған автокөліктерін іздеу функциясын енгізу жұмысы жүріп жатыр. Бұл шаралар Бас прокуратура, Әділет министрлігі және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының бірлескен іс-қимылдарының аясында жүзеге асырылуда.


Қалалық бейнебақылау камералары мен жасанды интеллект құралдарының көмегімен пайдалануға тыйым салынған көліктер анықталған жағдайда, оларды полиция қызметкерлері тоқтатып, арнайы айыппұл тұрағына жеткізеді. Кейін сот актілерінің толық әрі уақтылы орындалуы заң талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.


Бұл шаралар өндіріп алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ сот шешімдерінің орындалу тиімділігін арттыруға бағытталған.


36
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!