Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда алғаш рет Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің гастрольдік концерті өтеді

Гүлмира Аманжолқызы
|
22.09.2025 16:58
Маңғыстауда алғаш рет Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің гастрольдік концерті өтеді

Маңғыстауда 23 қыркүйек күні «Әуендер әлемі» атты Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің гастрольдік концерті өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Оркестр директоры Салтанат Әбілғазиеваның айтуынша, маңғыстаулықтарға ұсынылатын «Әуендер әлемі» - классика мен заманға сай әуендерді, шығыс пен батысты, дәстүр мен жаңашылдықты тоғыстыратын концерттік бағдарлама.


Камералық оркестрмен бірге концертте ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Эльмира Усаева және Айбар Хайырханов, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Тұрлыхан Абуханов, мәдениет саласының үздігі Елена Шутарева өнер көрсетеді. Бұл кеште маңғыстаулықтар түрлі дәуірлердің классикалық туындыларын тыңдай алады. Бағдарламада А. Вивальди, В.А.Моцарт, Я.Сибелиус, К. Дженкинс, С.Иррадьер, Д.Эллингтон, Н.Тілендиев, Е.Үсенов, Б.Уйллен, М.Джексон және тағы басқа композиторлардың туындылары орындалады. Оркестр құрылғалы мемлекетімізден бөлек халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, әлем музыкасымен қатар ұлттық музыкамызды республикаға таныстырып келеді. Ал Маңғыстауда алғаш рет өнер көрсеткелі отыр, - деді Салтанат Әбілғазиева.


Айта кетейік, мәдени іс-шара сағат 19:00-де М.Өскінбаев атындағы облыстық филармониясында өтеді.

33
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!