Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Білім беру жүйесіне ЖИ енгізіледі: жаңа ұлттық модель бекітілді

Гүлмира Аманжолқызы
|
18.09.2025 09:17
Білім беру жүйесіне ЖИ енгізіледі: жаңа ұлттық модель бекітілді

Қазақстанда білім беру жүйесін жаңғырту бағытында маңызды қадам жасалды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2025–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектіні (ЖИ) білім беру жүйесіне енгізудің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды otpannews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Құжат Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмалар аясында әзірленіп, алғаш рет білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың ұлттық стандарттарын белгілейді. Онда этика, құқықтық реттеу, дербес деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелері енгізілді.


ЖИ қолдану тек мектептерді ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын да қамтиды. Жоспар бойынша:

• оқу бағдарламаларына ЖИ тақырыптары енгізіледі;

• заманауи цифрлық оқулықтар дайындалады;

• оқушылардың жобалық дағдыларын дамытуға жағдай жасалады;

• педагогтердің біліктілігі Acquire → Deepen → Create үшсатылы үлгісімен жетілдіріледі.


Жасанды интеллект педагогтің орнын баспайды, керісінше оның рөлін арттырады. Себебі білім беру процесіндегі түпкілікті шешімді адам қабылдайды, – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.  


Қазақстан бұл бағытта ЮНЕСКО, ЭЫДҰ және Еуропалық одақтың ұсынымдарын негізге ала отырып, ұлттық жолын айқындаған алғашқы елдердің бірі болды.


Айта кетейік, 2025-2026 оқу жылынан бастап «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатика» пәндеріне ЖИ элементтері енгізілді. Сондай-ақ оқушылар үшін Day of AI әдістемелік кешені дайындалып, мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары іске қосылды.

93
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!