Otpan News Logo

Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданында жол апатынан зардап шеккендердің хал-жағдайын білді

Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданында жол апатынан зардап шеккендердің хал-жағдайын білді

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жұмыс сапарымен Бейнеу ауданына барды. Аймақ басшысы Ақтау-Бейнеу автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Сонымен қатар апаттан зардап шеккен тұрғындардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бейнеу аудандық ауруханасында түрлі жарақат алған жеті науқас ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, барлығының жағдайы тұрақты, қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Облыс әкімі науқастардың хал-жағдайын сұрап, медициналық қызметтің сапасы мен уақытылы көрсетілуін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.


Сапар аясында Нұрдәулет Қилыбай жол апаты салдарынан қаза тапқан азаматтардың жақындарына арнайы барып, қайғыға ортақтасты.


Еске сала кетейік, 16 қаңтар күні республикалық маңызы бар Ақтау-Бейнеу автожолында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 5 адам қаза тауып, бірнеше азамат түрлі деңгейдегі жарақат алған болатын.


Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес зардап шеккендерге медициналық көмекті күшейту мақсатында ауданға санитариялық авиация арқылы жоғары санатты профильдік мамандар жіберілді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар жанынан жедел штаб құрылды.

80
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!