Otpan News Logo

Автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту: Маңғыстауда транзиттік әлеует пен қауіпсіздік нығаяды

|
21.01.2026 11:16
Автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту: Маңғыстауда транзиттік әлеует пен қауіпсіздік нығаяды

Қасым-Жомарт Тоқаев автокөлік жолдарын халықаралық талаптарға сай жаңғырту ел үшін стратегиялық маңызға ие екенін жеткізді. Бұл Қазақстанның батыс пен шығыс арасындағы транзиттік рөлін күшейтіп, өңірлер арасындағы көлік қатынасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Мемлекет басшысы аталған жобалардың сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуы тікелей бақылауда болатынын атап өтті. Бұл бастамалар Қазақстанның халықаралық көлік-логистика орталығы ретіндегі әлеуетін нығайтуға бағытталған. Ал жол инфрақұрылымын жаңарту елдің транзиттік рөлін күшейтіп қана қоймай, облыстар арасындағы көлік қатынасын жаңа деңгейге көтеретінін жеткізді. Осы тұрғыда, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның (РМК) Маңғыстау облысы бойынша Сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің бастығы Тұралханов Абай Есенжанұлы өз пікірін білдірді.


- Президенттің Құрылтайда елдегі автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңарту туралы айтқан пікірі – аса өзекті әрі маңызды бастама. Жолдың сапасы көлік қозғалысының қауіпсіздігіне, адамдардың уақытын үнемдеуге және көлік құралдарының тозуын азайтуға тікелей әсер етеді. Сапасыз жолдар жол-көлік оқиғаларының көбеюіне және экономикалық шығындарға алып келетіні белгілі. Халықаралық стандарттарға сай салынған сапалы жолдар ұзақ мерзімге шыдамды болып, жөндеу жұмыстарына кететін қаржыны азайтады. Сондай-ақ, мұндай жолдар логистика мен транзиттік әлеуетті арттырып, ел экономикасының дамуына серпін береді. Өңірлер арасындағы байланыстың жақсаруы кәсіпкерліктің дамуына, ауыл шаруашылығы өнімдерін уақытында жеткізуге және туризм саласының жандануына мүмкіндік туғызады. Сол себепті, Президенттің Құрылтайда автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңарту жөніндегі пікірін толық қолдаймын,- деді Абай Есенжанұлы


Спикердің айтуынша, жолдың сапасы тек сыртқы көрініспен емес, оның құрамындағы материалдардың беріктігімен, климаттық жағдайларға төзімділігімен өлшенеді. Зертханалық тексерулер асфальт-бетон қоспасының сапасын, жүк көтергіш қабілетін және ұзақ мерзімге жарамдылығын анықтауда шешуші рөл атқарады. Тәжірибе көрсеткендей, сапасыз материал қолданылған жолдар қысқа уақыт ішінде бұзылып, қосымша шығындар мен қауіпсіздік қатерін тудырады,- деп атап өтті.


Сонымен қатар халықаралық стандарттарға сай, зертханалық бақылаудан өткен жолдар ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, жөндеу жұмыстарын сиретеді. Ал жол құрылысы барысында сапаны қатаң бақылау, зертханалардың рөлін күшейту және заманауи сынақ әдістерін енгізу аса маңызды рөл атқарады.

127
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!