Otpan News Logo

Бейнеуде жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін санавиациямен дәрігерлер жіберілді

|
16.01.2026 19:50
Бейнеуде жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін санавиациямен дәрігерлер жіберілді

Облыс әкімінің тапсырмасымен Ақтау – Бейнеу автожолында орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров Бейнеу ауданына барды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Облыс әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына өңір басшысының атынан көңіл айтты. Сондай-ақ аудандық ауруханаға жеткізілген науқастардың жағдайымен танысып, оларға көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасын тексерді.


Аббат Өрісбаев денсаулық сақтау саласының жауапты мамандарына зардап шеккендерге медициналық көмектің толық әрі уақытылы көрсетілуін қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырма берді. Медициналық көмекті күшейту мақсатында Бейнеу ауданына облыс орталығынан санитариялық авиация желісі арқылы білікті дәрігерлер тобы жіберілді. Қазіргі таңда зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.


Жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында.

144
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!