Otpan News Logo

Ақтауға қонған аққұтан: Мамандар сирек құс туралы пікір білдірді

|
21.01.2026 16:13
Ақтауға қонған аққұтан: Мамандар сирек құс туралы пікір білдірді

Ақтау тұрғындары теңіз жағалауында сирек кездесетін аққұтанды көріп, таңданыстарын желіде жариялады. Otpannews.kz сайтының тілшісі көпшілікті көркімен таңдандырған жыл құсы туралы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысымен тілдесті. 


Аққұтан – өңірде кездесе бермейтін, теңіздің сазды, қамысты, таяз бөлігін мекен ететін жыл құсы. 


Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Ғаббас Досатовтың айтуынша, Маңғыстауда байқалатын аққұтандар – көбіне миграция кезінде әлсіреп қалған құстар. Яғни, ұзақ сапарда шаршаған немесе әлсіреген кей құстар осында қонып, біраз дамылдағасын көшке кері қосылады. 


Аққұтан Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында, әсіресе Жайық және Қиғаш өзендерінің атырауында өте көп. Бұл жерлер қамысқа бай және таяз болғандықтан, аққұтандардың ұя салуына өте қолайлы.

102
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!