Otpan News Logo

Биыл Бейнеу ауданының екі ауылында жаңа мектеп ашылады

Биыл Бейнеу ауданының екі ауылында жаңа мектеп ашылады

Биыл Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында екі бірдей жаңа білім беру нысаны бой көтереді. Төлеп ауылынан 200 орындық, Есет ауылынан 100 орындық мектеп салынбақ, деп хабарлайды otpannews.kz.


Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жұмыс сапарымен Бейнеу ауданына барып, Төлеп ауылында салынуы жоспарланған 200 орындық жаңа мектептің жобасымен танысты. Жоба аясында ауылда заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ордасы салынып, оқушылар мен ұстаздар үшін қажетті инфрақұрылым толық қарастырылады.


Жаңа мектептің құрылысы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүргізіледі. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары ақпан айында басталып, нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.


Сонымен қатар, Бейнеу ауданына қарасты Есет ауылында да биыл 100 орындық мектептің құрылысы басталған. 


Жобамен танысу барысында облыс әкімі әлеуметтік нысандардың, әсіресе білім беру ұйымдарының сапалы әрі белгіленген мерзімде салынуы өңірдің тұрақты дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

14
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!