Otpan News Logo

Маңғыстаулық еріктілер өз қолымен дайындаған тәттілерін дәрігерлерге сыйлады

Маңғыстаулық еріктілер өз қолымен дайындаған тәттілерін дәрігерлерге сыйлады

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері мен Ассамблея жастары өңірдегі медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында кондитерлік өнімдер тарату акциясын өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Игі бастама науқастар саны артқан және медицина қызметкерлерінің жұмыс көлемі көбейген кезеңде дәрігерлер мен орта буын қызметкерлерінің еңбегін бағалау үшін ұйымдастырылған. Акцияға қатысқан еріктілер аурухана ұжымына жылы лебізін жеткізіп, ризашылығын білдірді.


«Ерікті болу үшін міндетті түрде бос уақыт пен қаражат қажет емес. Ең бастысы – шынайы ниет пен жанашыр жүрек. Бүгінгі акцияға қатысқан жастар өз қолымен 10 түрлі кондитерлік өнім дайындап, медицина қызметкерлеріне тарту етті», – деді «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Абзал Марат.


Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялаған. Маңғыстау өңірінің жастары волонтерлік мәдениетті дамытуға үлес қосып келеді. Ұйымдастырушылар мейірім мен жанашырлықты насихаттайтын мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.

79
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!