«Байтақ» партиясының Маңғыстаудағы алғашқы басқосуы өтті
«Байтақ» жасылдар партиясының Маңғыстау облыстық филиалында алғашқы саяси Кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Партияның өңірлік филиалы биылғы жылға арналған жоспарын пысықтап, саяси Кеңес отырысына филиал төрағасы Аллаберген Қонарбаев, облыс аумағындағы барлық аудандық және қалалық филиалдардың төрағалары, сондай-ақ өзге де мүшелері қатысты.
Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Оның ішінде 2026 жылға арналған жұмыс жоспары, партиялық құрылымдардың белсенділігін арттыру, қоғамдық-саяси іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру мәселелері талқыланып отыр.
Жиында облыстық филиал төрағасы Аллаберген Әзірбайжанұлы Қонарбаев жасылдар партиясының алдағы кезеңдегі басым бағыттарына тоқталып, экологиялық саясатты ілгерілету, халықпен кері байланысты күшейту және партиялық тәртіпті нығайту жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті.
Сондай-ақ партия филиалы жанынан құрылған Әйелдер қанатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылды.
Қарттар мен әлеуметтік осал топтар жөніндегі комиссия төрайымы Салтанат Андреевна өз бағыты бойынша атқарылатын іс-шаралармен бөліссе, бұдан бөлек, Жаңаөзен қалалық филиалы жетекшісінің орынбасары Уалихан Жақсылықов сөз алып, алдағы жылға арналған жоспарлар мен бастамаларды баяндады.
Жиын барысында Мұнайлы аудандық филиалының төрағасы қызметіне Жұлдыз Елемесқызы сайланды. Сонымен қатар отырыс барысында түрлі өзекті мәселелер көтеріліп, қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды.