Otpan News Logo

Бейнеулік оқушы «XXI ғасыр көшбасшысы» жобасының іріктеу кезеңінен өтті

Бейнеулік оқушы «XXI ғасыр көшбасшысы» жобасының іріктеу кезеңінен өтті

Бейнеу ауданындағы Ж. Қалдығараев атындағы мектептің оқушысы Фатима Серік «XXI ғасыр көшбасшысы» республикалық зияткерлік жобасының іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Оқушының айтуынша, байқауға қатысуына сынып жетекшісінің қолдауы мен ата-анасының сенімі үлкен әсер еткен. 


Серік«Менің әлеуетімді байқап, осы жарысқа қатысуға ынталандырған сынып жетекшіме алғыс білдіремін. Сенім білдірген ата-анама да үлкен рақмет. Бұрын бұл интеллектуалдық ойынды теледидардан көріп жүретінмін. Өте қызықты әрі мотивация береді», - деді Фатима Серік.


Айта кетейік, Маңғыстау облысы бойынша іріктеуден өткен бес оқушы республикалық додада бақ сынамақ.

74
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!