Otpan News Logo

Маңғыстауда аудандарға баратын автобустар маршруты уақытша тоқтады

|
16.01.2026 13:41
Маңғыстауда аудандарға баратын автобустар маршруты уақытша тоқтады
ашық дереккөз

Өңірде жолаушылардың қауіпсіздігі үшін аудандарға баратын автобустар маршруты уақытша тоқтады, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Атап айтқанда, 16 қаңтар күні төмендегі бағыттағы маршруттар уақытша тоқтатылды.


- Ақтау-Бейнеу-Ақтау;

- Ақтау-Жаңаөзен-Ақтау;

- Ақтау-Жетібай-Ақтау;

- Ақтау-Мұнайшы-Ақтау;

- ⁠Ақтау-Құрық-Ақтау;

- ⁠Ақтау-Форт-Шевченко-Ақтау;

- Ақтау-Шетпе-Ақтау;

- Ақтау-Бейнеу-Ақтау;

- ⁠Ақтау-Таушық-Ақтау;

- ⁠Жаңаөзен-Шетпе-Жаңаөзен.


- Автомобиль жолдарының көктайғақ және көріну деңгейінің төмен болуына байланысты 16 қантар күні барлық рейс уақытша тоқтатылды, - деді көлік басқармасы.


Басқарма рейстер туралы ақпарат қосымша жарияланатынын хабарлады. 


Тұрғындар қандай да бір сұрақтарымен Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 31-90-70 немесе 31-90-41 нөмірлеріне хабарласа алады. 


Сондай-ақ +7 (777) 550-26-66 немесе +7 (771) 040-05-65 call-орталықтары жұмыс істеп тұр.

126
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!