Otpan News Logo

Ақтаулық оқушы халықаралық Жәутіков олимпиадасында қола жүлде иеленді

|
16.01.2026 16:53
Ақтаулық оқушы халықаралық Жәутіков олимпиадасында қола жүлде иеленді

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мейіржан Құдабаев халықаралық деңгейдегі беделді білім сайысы - XXII халықаралық Жәутіков олимпиадасында физика пәнінен қола жүлде иеленді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Олимпиада Алматы қаласында өтті, оған әлемнің 16 елінен келген 612 дарынды оқушы қатысты.


Олимпиадада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы 6 алтын, 5 күміс және 8 қола еншілеп, жоғары нәтиже көрсетті. Олар додаға математика, физика және информатика пәндері бойынша қатысқан.

123
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!