Otpan News Logo

ҚР ТЖМ-нің құрметті ардагері Қажымұрат Хайрушев жастарға батасын берді

ҚР ТЖМ-нің құрметті ардагері Қажымұрат Хайрушев жастарға батасын берді

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ақтау қаласында кездесу ұйымдастырды. Шараға партия мүшесі, құрметті азамат, ҚР ТЖМ-нің құрметті ардагері Қажымұрат Хайрушев Сейлханұлы қатысып, жастарға ақ батасын берді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Кездесу барысында Қажымұрат Сейлханұлы жастарға тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосудың маңыздылығын айтып, әрбір мақсат пен іс-әрекетті Қазақстанға қызмет етуге бағыттау керектігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ол отбасы құндылықтарының маңызына тоқталып, бала тәрбиесі мен ұлттық жауапкершілік мәселелеріне назар аударды.


«Сендер – жері бар, егемен елі бар ұрпақсыңдар. Сондықтан әрбір мақсат-мұраттарың Қазақстанға қызмет етуге бағытталуы тиіс», – деді Қажымұрат Хайрушев.


Қажымұрат Сейлханұлы әкесінің – Ұлы Отан соғысының ардагері Сейлхан Хайрушевтің өмір жолын мысалға келтіріп, бірлік пен ауызбіршіліктің ел болашағы үшін маңызын түсіндірді.


Кездесу соңында ардагерге шапан жабылып, партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары, ақын-журналист Анар Шамшадинова өлеңдер жинағын сыйлады. Қажымұрат Сейлханұлы жастарға елге адал қызмет ететін, жауапкершілігі жоғары азамат болуға тілектестік білдірді.

72
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!