Otpan News Logo

Маңғыстауда кардиостимуляторды қашықтан бақылау технологиясы енгізілді

|
22.01.2026 15:10
Маңғыстауда кардиостимуляторды қашықтан бақылау технологиясы енгізілді

Маңғыстауда алғаш рет кардиостимулятор орнату бойынша заманауи операция сәтті жүргізіліп, құрылғы BIOTRONIK Home Monitoring қашықтан бақылау жүйесіне қосылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Аталған ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында Тараз қаласынан келген науқасқа жасалған. Бұл жоғары технологиялық кардиологиялық көмектің еліміздің кез келген өңірінің тұрғындары үшін қолжетімді екенін және осындай операциялардың МӘМС бойынша тегін жүргізілетінін көрсетеді.


BIOTRONIK Home Monitoring жүйесі пациенттің жүрек қызметін және орнатылған кардиостимулятордың жұмысын тәулік бойы автоматты түрде бақылауға мүмкіндік беріп отыр. Күн сайын емдеуші дәрігерге жүрек жұмысының негізгі көрсеткіштері мен құрылғының жағдайы туралы ақпарат автоматты түрде жіберіледі.


Деректерді беру үшін пациенттің арнайы әрекет етуі талап етілмейді. Бұл жүрек ырғағының бұзылыстарын, құрылғы жұмысындағы техникалық ақауларды және ықтимал асқынуларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.


Халықаралық клиникалық зерттеулерге сәйкес, BIOTRONIK Home Monitoring жүйесін қолдану пациенттердің қауіпсіздігін арттырып, операциядан кейінгі асқынулардың қаупін төмендетеді.


Технологияның тағы бір маңызды артықшылығы — медициналық мекемеге жоспарлы түрде келу қажеттілігінің азаюы. Пациент үй жағдайында бола отырып, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Бұл әсіресе басқа өңірлерден келген науқастар үшін өте қолайлы.


Sofie MedGroup клиникасы МӘМС аясында мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді. Медициналық қызмет алу үшін пациент өз учаскелік дәрігерінен тиісті жолдама алуы қажет.

58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!