Қарақия музейінің маманы Президенттің ұлттық құрылтайдағы мәдениет пен тарихқа мән беруін қолдады
Қарақия аудандық тарихи-өлкетану музейінің бас маманы Бибінұр Махамбетова 20 қаңтарда Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Маманның айтуынша, Ұлттық құрылтай ел дамуының басым бағыттарын нақтылап, мәдениет, өнер, ғылым-білім және тарихи мұраларды сақтау саласында стратегиялық қадамдарға жол ашты. Бибінұр Махамбетова Президенттің тарихи тұлғалардың есімін дәріптеу, музейлер мен рухани орталықтарды дамытуға ерекше мән беруін бағалады.
«Тарихымызды танып, келешегімізге нық сеніммен қадам басу үшін өткенімізді үлгі тұтып, тарихи тұлғаларымыздың есімін дәріптеуді жалғастыра беруіміз керек. Ол үшін сол тарихымызды ұрпақ санасына жеткізе білетін рухани ордалар мен тарихи музейлер көп болуға тиіс. Музей – тарихи мектеп. Ол жерге келіп, ата-баба құндылықтары мен өңір тарихынан сабақ алған ұрпақ ел тағдырына қатысты бай мұраларымызды көз алдынан өткізіп, Отанға деген құрметі артады. Сол үшін әр өңірде музей жұмысын жандандырып, болашағымызға жұмыс атқару біздің парызымыз. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы тарихи ғимараттарды да, қазақтың көне тарихын да назардан тыс қалдырмайтынын білдірді. Ұлттық құрылтайда қозғалған мәлелерердің бәрі де Мемлекетіміздің даму жолында айрықша маңызға ие. Жаңарған Қазақстан құру жолындағы Президентіміздің бастамаларын қоғамның қолдайтынына сенімдімін», – деді маман.
Бибінұр Махамбетова алдағы Конституциялық реформаларды да ел болып қолдау қажет екенін айтты.
94
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев