Ер адамдаға маммография жасап, жатыр мойны обырына тексерген, ал қайтыс болғандарға “ем жасаған”: ӘМСҚ Қаржы министрлігіне берілмек
Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықтарды анықтады. Осыған байланысты премьер-министр Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің басқаруына беруді тапсырды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың соңында Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне ӘМСҚ қызметіне талдау жүргізуді тапсырған.
Талдау қорытындысы бойынша Қаржы министрі Мәди Такиев бюджеттік шығыстардың өсуіне қарамастан (2026 жылы осы мақсаттарға арналған шығыстар 2,4 трлн теңгені құрайды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеге артық) аталған қордың тиімділігі артпай тұрғанын баяндады.
2020 жылдан бері жинақталған инвестициялық табыс 588 млрд теңгені құрады, оның ішінде тек 2025 жылдың өзінде 195,9 млрд теңге болған. Талдауға көрсеткендей, қаражаттың едәуір бөлігі қор активтерінде жинақталады және медициналық қызмет көрсетуге жұмсалмайды.
Қаржы министрлігі жүргізген медициналық қызмет көрсетудің ақпараттық жүйелерінің IT-аудиті бірқатар жүйелі заңбұзушылықты анықтады:
- жалған пациенттерді тіркеу (контингент тіркелген кезде 1 мың адам болғанмен, іс жүзінде медициналық қызметке 500-і жуық жүгінеді, алайда төлем бүкіл контингент үшін жүргізіледі);
- азаматтарға өздеріне тән емес медициналық қызметтерді көрсету;
- МӘМС және жұмыс берушілердің ерікті медициналық сақтандыру қаражаты есебінен бірдей қызметтерді қосарлана қаржыландыру;
- қысқа мерзімде медициналық қызметтердің «әдеттен тыс» көп көлемін көрсету;
- қайтыс болған азаматтарға қызмет көрсету;
- балаларға күніне мыңнан астам дәрі-дәрмектерді жазып беру және т. б.
Қаржы министрі Мәди Такиев бұл ретте мынандай нақты сандар мен мысалдар келтірді:
- Жекеменшік клиникада бір күнде 1 442 пациент қабылданған, ал бір күнде орташа есеппен 24 адамға дейін қабылданды (6 сағаттық жұмыс күнінде 1 пациентке 15 минут). Сол клиникада басқа дәрігер бір айда 4 832 науқасты қабылдаған (Астана қаласы);
- Бір маманда бір айда 1 713 емдеу жасаған жағдай тіркелген, жекелеген күндері – тәулігіне 300-400 тексеру жасаған (Астана қаласы).
- 996 қайтыс болған пациентке медициналық қызмет көрсетудің 3 640 оқиғасы анықталды, мысалы 2023 жылы қайтқан адамды 2025 жылы қабылдауға жазған, (қайтыс болғаннан кейін 2,5 жыл өткен соң).
- 1,8 млрд теңгеге пациенттің жынысына сәйкес келмейтін скринингтердің 769 446 жағдайы тіркелді. Мәселен, 768 827 ер адам әйел ауруларына (жатыр мойны обырына) скринингтен, 619 ер адам маммограммадан өтті деп көрсетілген. Тек бір аудандық ауруханада осындай 11 123 жағдай анықталды (Алматы облысы).
- Балаларға арналған дәрілік заттарды жүйелі түрде жалған тіркеудің 68 717 жағдайы нақтыланды. Диксимид препараты бойынша екі балаға 126 мың жазба тіркелген, яғни әрқайсысына 63 мың реттен есептен шығарылған (Жетісу облысы);
- Бір пациентке бір тәулік ішінде дәрі-дәрмектерді есептен шығаруған 2 872 жағдай белгілі болды. Балалар ауруханасында осындай 179 жағдай анықталды: 88 мың бірлік дәрі-дәрмек есептен шығарылды, бұл ретте пациенттер стационарда 1 күнге жетпейтін уақыт қана болған (Астана қаласы) және тағы басқа деректер бар.Талдау қосарланған қаржыландырудың кең таралған екі жағдайын анықтады. Біріншісінде – жекеменшік медициналық ұйымдардың жұмыс беруші тарапынан ерікті медициналық сақтандыру бойынша және МӘМС қорының қаражаты есебінен бір мезгілде төлем алуы болса, екінші жағдайда – бір науқастың бір мезетте екі медициналық ұйымның базасында қатар тіркелуі.
Талдау екі кең таралған қосарлы қаржыландыру схемасын да анықтаған. Біріншісі – жеке медициналық ұйымдардың қызметті бір мезетте жұмыс берушінің ерікті медициналық сақтандыруы және ӘМСҚ қаражаты арқылы төлем алуы. Екіншісі – бір пациенттің бір уақытта, бір күнде екі медициналық ұйымға тіркелуі.
Сондай-ақ салық органдары медициналық ұйымдар басшыларына камералдық бақылау жүргізіп, олардың табыстары мен сатып алуларын талдаған.
Нәтижесінде 2024–2025 жылдары 1465 басшы 5 мыңнан астам жылжымайтын мүлік нысанын, 912 адам 1416 автокөлік сатып алғаны анықталған. Кейбір жеке клиника басшылары екі жыл ішінде 52-ден 124-ке дейін жылжымайтын мүлік пен 14-тен 24-ке дейін автокөлік иеленген.
Сонымен қатар қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері мен нормативтік-құқықтық базасының бытыраңқылығы атап өтілді.
Пациенттер мен медициналық ұйымдар бойынша бірыңғай деректер базасының болмауы қазіргі нормативтік базаның көбіне жекелеген ұйымдардың (ӘМСҚ, «СК-Фармация») функцияларына байланып қалуына әкелген, ал басты мақсат – халыққа медициналық көмек көрсету нәтижесі – екінші кезекте қалған.
Тариф қалыптастыруда да мәселелер бар. Жүйеде 3 мыңнан астам тариф қолданылады, бұл медициналық қызметтерді әкімшілендіру мен бақылауды айтарлықтай қиындатады.
Қорытындысында Олжас Бектенов:
• барлық анықталған фактілер бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін беруді;
• қаржылық ағындарды толық бақылау үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына өткізуді;
• Денсаулық сақтау жүйесінің барлық бизнес-процестерін Қаржы министрлігінің жүйелері негізінде толық цифрландыруды;
• ӘМСҚ активтерін орналастыру мен инвестициялық табыс алу стратегиясының параметрлерін қайта қарап, негізсіз қаржыландыруды тоқтатуды тапсырды.