Otpan News Logo

Ақтауда электр тапшылығын жоятын қосалқы станциялар іске қосылды

|
16.01.2026 13:12
Ақтауда электр тапшылығын жоятын қосалқы станциялар іске қосылды

Ақтау қаласында электр энергиясының тапшылығын жою мақсатында қуаты 110/10 кВ болатын ХАБ-1 және ХАБ-2 қосалқы станцияларының құрылысы аяқталды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қала әкімінің айтуынша, ХАБ-1 станциясынан қаланың 13 жаңа шағын ауданына электр желілерін тарту жұмыстары 100 пайызға орындалды. Сонымен қатар, электр желілеріне түсетін жүктемені азайту үшін 20 трансформаторлық станция жаңартылып, пайдалануға берілді.



- Тұрғындарды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында тозу деңгейі орта есеппен 80 пайызды құрайтын 17 электр желісін жаңарту екі кезеңге бөлініп жүзеге асуда. І кезеңде қаланың бірқатар шағын ауданын қамтитын 22,5 шақырымдық 6 тозығы жеткен электр желісі толық жаңартылды. Ал ІІ кезеңде 54,4 шақырымды құрайтын 11 электр желісін жаңарту жоспарланған, - деді Әбілқайыр Байпақов.


Сонымен қатар, 16-шағын ауданның инженерлік инфрақұрылымы жаңарту бағытында өткен жылдың қазан айынан бері мұнда су, кәріз, жылу желілері жүргізіліп, ішкі жолдар төселді. Ал 20 және 20А шағын аудандарында су, кәріз, жылу, газ және жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған құрылыс жұмыстары басталды.



Сондай-ақ 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап «Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарына ГПП-4Г-дан бастап кабельдік электр желілерін салу» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Бұл жоба шаһардағы 31, 31А, 32, 32А, 34, 32Б, 34А, 35 шағын аудандағы жүктемені азайту мақсатында іске аспақ.

138
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!