Ақтау қаласының әкімі қоғамдық көлікте жүруге арналған жеңілдіктер туралы айтты
Ақтау қаласында қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүретін азаматтардың тізімі ресми түрде кеңейтілді. Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте халыққа тиімді жаңа ережелердің енгізіліп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Ең үлкен жаңалық зейнеткерлерге қатысты болып отыр. Енді олардың жолақысы жасына байланысты есептеледі. 70 жастан асқандар қаладағы барлық бағыттар бойынша тегін жүреді. Ал 70 жасқа дейінгілер жол ақысының 50 пайызын ғана төлейді.
Әкімдік бекіткен жаңа тізімге сәйкес, төмендегі санаттар жол ақысын төлеуден босатылған:
• Көпбалалы аналар: «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері.
• Мүгедектігі бар жандар: I және II топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектігі бар тұлғалар.
• Ардагерлер мен қатысушылар: Чернобыль апаты мен ядролық сынақтардың зардап шеккендері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандар.
• Құрметті азаматтар: Ақтау қаласының құрметті тұрғындары.
Қазіргі таңда Ақтауда 11 бағыт бойынша 98 автобус үздіксіз қатынайды. Сондай-ақ №10 және №11 автобустар түнгі уақытта тұрақты жұмыс істейді. Қалада 100 жаңа аялдама орнату жұмыстары толық аяқталған.
Айта кетейік, барлық жеңілдіктер әлеуметтік карта арқылы жүзеге асады. Бұл жүйе төлемдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған