«Әскери форма екеуіне жарасады»: Қазақстан әскерінде отбасымен қызмет ететін жандар

Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштерінде әскери адалдық пен отбасы құндылықтарының лайықты үлгісі бар - 29011 әскери бөлімі оқу-жаттығу ротасының командирі, майор Ағабек Макұлбек. Оның жары да теңіз жаяу әскері қатарында қызмет етеді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Ағабек Макұлбек он жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Қарулы Күштерінде адал қызмет етіп, жоғары кәсіби нәтижелер мен жеке жауапкершілікті көрсетіп келеді.
2022 жылы майор Макұлбек нағыз ерлік танытты - ол теңізде суға батып бара жатқан жас жігітті құтқарып қалды. Бұл оқиға елеусіз қалмады: көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Әскери қызмет майор Макұлбек үшін тек мамандық қана емес, ол өз отбасымен бірге жүріп өткен өмір жолы. Оның жары - медицина қызметінің капитаны Альмара Ибрагимова да әскери борышын өтеп жүр. Ол теңіз жаяу әскер бригадасында хирургиялық бөлімшенің бастығы болып, жеке құрамның жауынгерлік қабілеті мен денсаулығын сақтауға өз үлесін қосып келеді. Ерлі-зайыптылар екі бала тәрбиелеп отыр және армия олардың тағдырын тоғыстырғанын мақтанышпен айтады.
Отбасы күні мерекесінде ерлі-зайыпты Макұлбек барша әскери қызметшілер мен олардың жақындарын шын жүректен құттықтайды.
«Баршаңызға отбасы бақытын, махаббат пен шексіз қуаныш тілейміз. Үйлеріңізде әрқашан жылулық, жайлылық пен түсіністік орнасын. Отбасы - әрбір Отан қорғаушының сенімді тылы мен күш-қуат көзі», - деді ол.
