Камиль Куруглиевтің әлем чемпионатындағы қарсыласы белгілі болды

Бүгін күрес түрлерінен Хорватияда басталатын әлем чемпионатында күресетін маңғыстаулық Камиль Куруглиевтің қарсыласы анықталды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Төрткүл дүние көз тіккен Загребтегі доданың жарыс күнін еркін күрес балуандары бастайды. Бұл ретте Маңғыстау облысының өкілі Камиль Куруглиев 92 келіде қытайлық Хуа Цзенің әлеуетін байқап көрмек.
Ұлттық құрама мүшесі өткен жылы ел чемпионатында 97 келіде қола жүлдегер атанған. Алайда ол ересектер арасында әлем біріншілігіне алғаш рет қатысқалы отыр.
Жерлесіміз бұған дейін жастар және әскерилер арасында әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткені белгілі. Сондай-ақ, ол тамыз айында Болгарияның Самоков қаласында 20 жасқа дейінгі балуардар арасында өткен әлем біріншілігінд күміс жүлдегер атанған болатын.
