Қазақстандық 8 боксшы әлем чемпионатының финалында сынға түседі

Бүгін Ливерпульде бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Бұл додада ерлер және әйелдер боксынан 20 салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпиондары анықталмақ.
Қазақстан құрамасынан финалға 8 боксшы жолдама алған болатын. Оның ішінде 4 ер және 4 әйел спортшы бар.
Қалған елдерден финалға шыққан боксшылар саны саны бойынша Өзбекстан құрамасы да үздіктер қатарында бар (8 боксшы).
Сондай-ақ, Бразилия - 4, Үндістан - 3, Польша - 3, Түркия - 2, Англия - 2, Аустралия - 2, Моңғолия, АҚШ, Тайпей, Испания, Ирландия, Франция, Жапония, Болгария секілдің құрамаларынан бір боксшыдан бар.
Айта кететін жайт, аталған әлем чемпионатына Маңғыстау облысының өкілі Бекзат Нұрдәулетов те қатысқан болатын. Өкінішке қарай,жерлесіміз іріктеу кезеңінде сүрініп, жарысты жүлдесіз аяқтады.
