Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақылы жолдардың ақауы бар учаскесінде жол жүру тегін болады

Нұргүл Алясова
|
15.09.2025 10:45
Ақылы жолдардың ақауы бар учаскесінде жол жүру тегін болады
gov.kz

15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем ережелері өзгерді, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Көлік министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта елімізде 27 ақылы жол бар. Енді ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап ететін жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.


Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақау жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді.


Ұлттық оператор жолдардың жағдайын үнемі бақылайды. Әр жүргізуші ақау туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне қоңырау шалып, хабарлай алады.


Жаңа ереже республикалық және халықаралық маңызы бар барлық ақылы жолға қолданылады.

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!