Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда «Айбалта-2025» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

Жанкелді Қаржан
|
13.09.2025 10:27
Маңғыстауда «Айбалта-2025» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысында «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің қатысуымен «Айбалта-2025» екіжақты жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Дайындық барысында осы жылдың 12 қыркүйегінен бастап бірқатар облыстардың аумағынан күш-құралдардың қозғалысы қарастырылған. Бөлімшелер (жеке құрам және әскери техника) аралас тәсілмен – темір жол және автокөлікпен жүріп өтеді, содан кейін тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады.

 

Қорғаныс министрлігі аталған кезеңде жекелеген аудандарда уақытша шектеулер болуы мүмкін екенін айтып отыр. Сондықтар азаматтардан сабыр сақтауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.

 

Айта кететін жайт, эалған мәліметтерді тарататындар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 

45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!